"Freedom компания тобының бастамасының арқасында Маңғыстау облысының тұрғындары қосымша таза сумен қамтамасыз етіледі.

Ақтау мен қала маңындағы ауылдарда Freedom компаниялары тобының қолдауымен сумен қамтамасыз ету жақсарады

4 тамызда Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді. Бұл болашақта Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданындағы ауылдардың тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Freedom компаниялар тобы қаржыландыратын жобаның жалпы құны 2,12 млрд теңгені құрайды.

Ақтау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан ауыз сумен жабдықтау нысандарының ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен «Freedom Holding Corp» бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты.

Ақтау қаласындағы тұшыту зауытынан ЦУВС-4 (орталық сумен жабдықтау торабы) дейінгі сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерін салу және монтаждау жұмыстарын Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Каспий Жылу, су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізді. Қазіргі уақытта «КЖСА» МКК тарапынан нысандар су жеткізуге 100% дайын.

Бұл жоба 2022 жылдың қазан айында Маңғыстау облысының әкімдігімен Freedom компаниялар тобының меморандумға қол қоюы шеңберінде жүзеге асырылды. Бастама «Дамыған өңірлер-елді алға шығарушы драйвер»ұлттық бағдарламасын қолдау шеңберінде, азаматтардың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көлік байланысын жақсарту мақсатында жүзеге асырылған.

- Бүгін біз өңіріміз үшін маңызды нысандардың бірі - Ақтау қаласында және Түпқарағандағы кейбір ауылдарда ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін жаңа сорғы станциясы және сумен жабдықтау желісінің ашылуы. Соңғы жылдары су тапшылығы Маңғыстау облысы үшін өте өзекті мәселе. Облыс әкімдігі осы мәселені шешу бойынша тұшыту зауыттары салынуда, жұмыс істеп тұрған зауыттардың қуатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірнеше жыл ішінде су тапшылығы мәселесін толық шешу күтілуде. Бүгінгі таңда тұшыту зауытынан ЦУВС-4-ке дейінгі сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желісінің ашылуы мәселені шешу бойынша қабылданып жатқан шаралардың бір мысалы болып табылады. Жобаны Freedom компаниялар тобы толығымен қаржыландырды. Сол үшін облыс тұрғындарының атынан зор алғыс білдіремін, - деді Нұрлан Ноғаев.

Екі су құбыры желісінің әрқайсысының ұзындығы 10 шақырымнан асады, ал сорғы станциясының қуаттылығы тәулігіне 20 000 м3 құрайды. Салынған су құбыры арқылы Ақшұқыр және Сайын-Шапағатов ауылдарының тұрғындарын, сондай-ақ Ақтау қаласы тұрғындарының бір бөлігін үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

- Өткен жылы Маңғыстау облысының әкімімен кездесу барысында біз өңірдің шұғыл әрекет етуді талап ететін мәселелерін талқыладық. Сондықтан осы үлкен жобаны іске асыруды бастадық, нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Бұл жоба бизнес пен мемлекеттің серіктестігінің арқасында Ақтау мен қала маңындағы ауылдардың жүздеген мың тұрғындары үшін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аймақ үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы бар үлкен жобаны жасау үшін бізге бір жылдан аз уақыт қажет болды. Бұл бірігіп жұмыс атқарудың нәтиежесінде ауқымды мәселелерді тез әрі сапалы шеше алатынымызды, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін үлес қосатынымызды білдіреді, - деді «Freedom Holding Corp» бас атқарушы директоры Тимур Турлов. 


Жарияланған күні: 4 тамыз 2023

Оқылған саны: 2032




18 қыркүйек 2023

12 шағын ауданда "Мечта" сауда орталығының жанында қазіргі таңда жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтардың нәтижесінде анықталған ақаулар бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


15 қыркүйек 2023

28а шағын ауданда 5 пен 20 үйлердің арасында қазіргі таңда жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтардың нәтижесінде анықталған ақаулар бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда.


15 қыркүйек 2023

14 шағын ауданда 8 үйдің ауыз су құдығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


15 қыркүйек 2023

14 шағын ауданда 34 үйдің алдында қазіргі таңда жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтардың нәтижесінде анықталған ақаулар бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


8 тамыз 2023

6 шағын ауданда 9 бен 37 үйлердің арасында ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты апатты жағдайда 9-дан 14-ші үйге дейін және 19,30,31,36 үйлері өшірілгенін хабарлаймыз.

6 шағын ауданда 9 бен 37 үйлердің арасында ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты апатты жағдайда 9-дан 14-ші үйге дейін және 19,30,31,36 үйлері өшірілгенін хабарлаймыз. 


4 тамыз 2023

"Freedom компания тобының бастамасының арқасында Маңғыстау облысының тұрғындары қосымша таза сумен қамтамасыз етіледі.


4 тамыз 2023

11 шағын ауданда 37 үйдің алдында ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

11 шағын ауданда 37 үйдің алдында ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 


4 тамыз 2023

14 шағын ауданда 11 үйдің қасында ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты апатты жағдайда 11,26,27,28,29,30,31,32,32а,87үйлері өшірілгенін хабарлаймыз.

14 шағын ауданда 11 үйдің қасында ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты апатты жағдайда 11,26,27,28,29,30,31,32,32а,87үйлері өшірілгенін хабарлаймыз. 


31 шілде 2023

17 шағын ауданда жолдың бойында 99,102 үйлердің қасында жылу желілерінде қысқа дайындық жұмыстары жалғасуда.

17 шағын ауданда жолдың бойында 99,102 үйлердің қасында жылу желілерінде қысқа дайындық жұмыстары жалғасуда. 


31 шілде 2023

27 шағын ауданда 46 үйдің артында жылу желілерінде күрделі жөндеу жұмыстары және қысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде.

27 шағын ауданда 46 үйдің артында жылу желілерінде күрделі жөндеу жұмыстары және қысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. 


19 шілде 2023

22 шағын ауданда 1 мен 3 үйлердің арасында ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

22 шағын ауданда 1 мен 3 үйлердің арасында ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 


19 шілде 2023

11 шағын ауданның 6 үйдің жанында техникалық су құбырында жөндеу жұмыстары жалғасуда.

11 шағын ауданның 6 үйдің жанында техникалық су құбырында жөндеу жұмыстары жалғасуда. 


17181920212223 ... 24